БҚО-да әйел жиһаз ұтысы арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған
Батыс Қазақстан облысында "Нұр жиһаз" онлайн жобасы арқылы 153 азаматты алдап кеткен әйел сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел жеке тұлғалардан қаржы тарта отырып, жиһаз ұтысын өткізген. Ал қатысушыларға жаңа салымшыларды тарту талабы қойылған.
"Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды. Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ол қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды 7 жыл атқара алмайды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар