БҚО-да әйел емшіге барамын деп бір аяғынан айырыла жаздады
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны емшіге жүгінгенемін деп ауруын асқындырып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Қант диабетіне шалдыққан әйел емшіден көмек сұраған. Алайда емшіге барған соң оның ауруы асқынып кеткен. Бұған дейін сырқатына байланысты дәрігерлер әйелдің бір аяғын кесіп алып тастағаны белгілі болды.
"Науқастың екінші аяғына қауіп төнді. Гангрена болмас үшін дәрігерлер жарақатты тазалауды ұсынған, алайда әйел бас тартыпты. Салдарынан мамандар науқасқа шұғыл ота жасап, оның өмірі мен аяғын аман алып қалды. Қазір ол ем қабылдап жатыр", - деді аудандық аурухананың өкілдері.
Дәрігерлер мұндай жағдай бұған дейін орын алғанын атап өтті. Олардың сөзінше, емшіге барған соң жағдайы ушыққан науқастар жиі ауруханаға келетін көрінеді. Өз кезегінде ақ халаттылар тек білікті мамандардан көмегіне жүгінуге кеңес берді.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”