БҚО-да 9-сынып оқушысы жетінші қабаттан секіріп кетті
БҚО-да тоғызыншы сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. Жасөспірім өзіне қол салмай тұрып, Discord желісінде өлгісі келетінін жазып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға 10 қазанда түстен кейін болған. Жасөспірім Ақсай қаласында (облыс орталығынан 135 шақырым жерде) жетінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іс бойынша түсініктеме беруден бас тартқан. Себебі ақпараттың жариялануына прокуратура шектеу қойған. Өз кезегінде прокуратура өкілдері оқиға бойынша деректер ҚР ҚК-нің 201-бабына байланысты жария етілмейтінін жеткізді.
Бөрлі аудандық полиция бөлімі суицидке бармай тұрып жасөспірім өзінің ниеті туралы Discord желісінде жазып, кейіннен шығып кеткен.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 -бабының 3 -бөлігі "Кәмелетке толмағандарды суицидке итермелеу" бойынша тергеу жүргізілуде.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ