Біздің арамызда енді шекара жоқ: Зеленский Польшаның көмегі жайлы
Украина президенті Владимир Зеленский Польша елінің көмегі жайлы айтты. Ол бұдан былай Украина мен Польша арасында "шекара жоқ" екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Енді бауырлас Польша елімен арамызда шекара жоқ. Өйткені біз бірге мейірімділікті таңдаймыз", - деді Зеленский.
Сондай-ақ, Украина басшысы жақын арада елден кеткен босқындардың кері қайтатынына сенім білдірді.
"Жақында адамдарымызға: "Қайтыңыздар! Польша, Румыния, Словакия мен өзге де достас мемлекеттерден қайтыңыздар. Енді қауіп жоқ, деп айта аламыз деп үміттенемін", - делінген Зеленскийдің телеграм-каналында жарияланған видео-үндеуде.
Ал Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников қақтығыс басталғалы бері Украинаға 60 мың азаматтың қайтып келгенін айтты.
"66 224. Өз елін ордадан қорғау үшін осынша ер азамат қайтып келді. Бұл қосымша 12 жауынгерлік топ. Украиналықтар, біз жеңілмейтін халықпыз", - деп жазды ол "Твиттерде".
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”