"Бізден сұраған да жоқ": Рүстем Жүгінісовтің анасы ұлының өнерді тастап, дінге бет бұрғаны жайлы ашып айтты
Өнерді тастап, дін жолына түскен Рүстем Жүгінісовтің анасы ұлының қалай намазға келгенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/ainur_zhugunussova/zhugunussov
“Бізде отбасымызда атамыздан басқа ешкім намаз оқымайтын. Бірақ Рүстем алты жасынан бері намаз оқуға ниеттеніп, ұмтылды. Біз “болмайды, балиғат жасына жеткен соң оқырсың” деп тоқтаттық. 13 жасқа келгенде де оқимын деп болмады. “Сен күнде гастрольде жүрсің, болмайды” деп тағы рұқсат бермедік. 18 жасқа толды. Ол кезде ол бізден сұраған да жоқ. Сонда оның ешқандай ұстазы да болған жоқ, ешкім намаз оқы деп те айтпады. Бұл Алланың құдіреті. Бір адамды миссионер қылып жіберіп тұр. Бес уақыт намаздың адамның өміріне берері көп”, – дейді Айнұр Жүгінісова.
Продюсер келіндерінің де кимешек киетінін айтып қалды.
“Келіндерім кимешек киеді. Үйде шашын жауып тұратын бас киім киеді, сыртқа шыққанда, әдемі, заманға сай етіп кимешек киіп алады. Бірақ олар қызыл, көк, түрлі түсті кимешек киеді”, – дейді ағайынды Жүгінісовтердің анасы.