"Бізде концлагерь бар ма?": Депутат саусақ іздерін беруден бас тартқандарға айыппұл салу бастамасын сынады
Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов құжат рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ іздерін алуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: parlam.kz
Мәжіліс кулуарында ол “азаматтардан саусақ іздерін тіркейтіндей, бізде концлагерь бар ма?”- деп сауал жолдады.
Депутаттың пікрінше, саусақ іздерін алу рәсімі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын қиындата түседі. Ондағы кезектердің пайда болуына әкелетінін айтты.
Сонымен қатар Рахымжанов "процедураға қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл қаншалықты дұрыс?" деген сұраққа қатысты өз пікірін білдірді.
"Менің ойымша, мүлдем дұрыс емес және мүмкін емес", - деді Асхат Рахымжанов.
Депутат бұл мәселе алдағы уақытта мәжілісте қаралатынын айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ іздерін тапсыруға міндеттелетінін жазған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды