Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз жаңа Қазақстанды, екінші республиканы құрамыз": Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының "Астана" алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысып, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тоқаев

Мемлекет басшысы жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін ұлық мерекенің қазақстандықтар үшін маңызын атап өтіп, Наурыз мейрамымен құттықтады. 

"Күн мен түн теңеліп, күллі табиғат қайта жаңаратын әз Наурызды қарсы алуға бабаларымыз ерекше мән берген. Жыл басын Ұлыстың ұлы күні деп ардақтаған. Әз Наурыз - береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 



Тоқаев Алматының еліміз үшін маңызын айтып, алдағы уақытта жаңа Қазақстанның құрылысы басталғанын мәлімдеді. 
Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын. Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы – қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Қаңтардағы террористер мен қаскөйлердің негізгі соққысы Алматыға тиіп, жазықсыз адамдар қаза тапты. Қала инфрақұрылымына үлкен залал келді. Дегенмен алматылықтар қайсарлық таныта білді. Мен сіздерге ризамын, мемлекеттілігіміздің бұрын-соңды болмаған қауіп-қатері алдында дүрлікпедіңіздер. Алдымызда ауқымды реформалар күтіп тұр. Жаңа Қазақстанның құрылысы басталады. Біз жаңа елді, жаңа Қазақстанды міндетті түрде құрамыз және біздің қолымыздан бәрі келеді", - деді Президент.

Айта кетейік,бұған дейін президенттің Наурыз мейрамын тойлау үшін Алматыға келгенін хабарлаған едік. Сонымен қатар,  Президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына бармақшы. 

Талқылау