Біз жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз ықтимал: Тоқаев қаңғыбас иттер жайлы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңғыбас иттер мәселесіне тоқталып, жағдайды бақылаудан шығарып алу мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Маған ұдайы барлық облыстардан қаңғыбас иттер туралы арыз-шағымдар түсіп тұрады, онымен бірде-бір құзырлы орган тиісті заңға сүйеніп айналыспайды. Егер барлығы осылай кете беретін болса, біз жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз мүмкін", - деді Тоқаев сәрсенбіде өткен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде.
- Біздің меншік иелерінің бірлестігі туралы реформамыз үлкен қателік болды - Тоқаев
- Президент: Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту керек
Президент жануарларға ұқыптылықпен қарау керек деп есептейді, бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға қарсы агрессиясына жол беруге болмайды.
"Қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер саны артып келеді. Бұған жол беруге болмайды. Әрекет етіңіздер", - деді президент.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған