Екінші баласын босанғалы отырған қазақстандық келіншек күйеуінің екінші әйел алғанын кездейсоқ біліп қалған
Әділ Сыздықова есімді келіншек екінші баласын босануына екі апта қалғанда құрбысынан күйеуінің бас мешітте екінші рет неке қиғанын естіген. Қазақстандық келіншек әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің өзіне бір ауыз сөз айтпастан қалай екінші әйел алғанын және бұл жаңалықты қалай қабылдағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/adilsyzdykova.kz/a.tansholpan
Әділ Сыздықова күйеуінің Астанада екінші әйелмен неке қиғанын Алматыда отырып танысынан естіген. Сол кезде екінші баламды босануыма екі апта қалған еді дейді келіншек.
“Мұнда мәселе оның кетіп қалғанында емес, менің бұл жаңалықты кімнен және қалай естігенімде. Босануыма екі апта қалғанда танысымнан хабарлама келді. “Видеодағы сенің күйеуің бе?” деп сұрады ол. Видеоны ашсам, күйеуім басқа қызбен бас мешітте неке қиып жатыр екен. Ұлымның көзінше жылап жібермеуге барынша тырыстым. Басыма түрлі ой келді. Күйіндім, қорқыныш болды, көңілім қалды. Сол кезде маған күйеуімнен емес, оның көңілдесінен хабарлама келді. “Менің нөмірімді іздеп жатыр екенсіз. Тыңдап тұрмын” деп жазып жіберіпті. “Біздің заңды некеде екенімізді, ұлы барын, жақында қызды болатынын білесіз бе?” деп сұрасам, “Осы күнге дейін оны ажырасқан деп ойладым, баласы барын айтқан” деп жауап берді. “Қашаннан бері кездесіп жүрсіздер” деген сұрағыма “бұл сізді алаңдатпауы керек” деп жауап қатты”, – дейді Әділ.
Осы жағдайдан кейін келесі күні Әділдің күйеуі ашуланып хабарласқан. Ол Әділді жанжал шығардың деп айыптаған. Тіпті түптеп келгенде шариғат бойынша, екінші әйел алу үшін одан рұқсат сұрауға міндетті емес екенін айтқан.
Әділдің бұрынғы күйеуінің әрекеті көптің жағасын ұстатты. Қызу талқыға түскен бұл видео оның бұрынғы күйеуі Асқар Қайыргелдиновке жеткен. Ол Әділдің сөзін жоққа шығарып, бұрынғы отбасына өзі тұрған баспанасын тастап кеткенін айтады.
“Бұл видеоны көріп таңғалып қалдым. Мен оларға Астанадағы пәтерімді беріп, өзім жалдамалы пәтерде тұрдым. Балаларымның әкесі ретінде ай сайын балаларымның қажеті үшін ақша жіберіп тұрдым, алдағы уақытта да жіберемін. Бұрынғы әйеліммен түсінісе алмадық. Менің көңіліме тиген жағдайлар көп болды. Мысалы, оның анасы мені “еркек емес” дейтін. Екеуі бірігіп, мені өмірдегі ең жаман адам етіп көрсететін. Бірақ оның бұрынғы күйеуімен сөйлесіп жүргенін білгенде шыдамым таусылды”, – дейді Асқар Қайыргелдинов.
Оның айтуынша, ол 2023 жылдың қаңтарында үйінен кетіп, жеке кәсібін дамытпақ болған. Араға жарты жыл салып қазіргі әйелі Таңшолпанмен танысқан.
“Бұл видеоны тек әйелім үшін жазып отырмын. Өйткені көпшілік оны балағаттап, түрлі жағымсыз пікірлер жазып жатыр. Таңшолпан балаларға қаржылай көмектесу үшін бұрынғы әйеліммен жақсы қарым-қатынас орнатқысы келген еді. Бірақ бұрынғы әйелім оны қорлап, жауап берген. Көптеген блогерлер мені қолдап, біраз танымал бола бастағанда атақ пен хайп үшін отбасыма жала жапты. Сөйтіп өз курстарын сата бастады”, – дейді Асқар желідегі видеода.
@askar_kairgeldinov1 ♬ оригинальный звук - askar_kairgeldinov
Алайда Әділ маусым айынан бастап балаларына алименттің толық түспей жүргенін айтады. Әр балаға 25 мың теңге төленеді. Үш ай төленбеген қарызы бар. Айта кетейін дегенім, мен бұл видеоны бұрынғы күйеуіме немесе оның әйеліне кек қайтару мақсатында жариялаған жоқпын. Тек өз өмірімдегі оқиғаны бөлістім”, – дейді Әділ Сыздықова.
Асқар Қайыргелдинов екінші әйелі Таңшолпанмен 2023 жылы қазанның 18 күні той жасап, үйленген. Әділ бұл кезде күйеуімен әлі де заңды некеде болғанын айтады. Сондай-ақ ол “екінші қызы бұрынғы күйеуінен емес” дегендерге жауап ретінде ДНҚ тест өткізуге дайын екенін жеткізді.
Әділ Сыздықова Асқардың Астанада беріп кеткен пәтердің жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, ол бұрынғы күйеуімен 2022 жылдың қараша айында Астанада үлестік құрылысқа ақша құйып, пәтерді брондап қойған екен.
“Салған ақшаның жартысы менікі. Ол тұрғын үй кешені салынып бітпеген. Онда тек бірінші кезектегілер тұрып жатыр. Біз брондаған пәтер үшінші кезекте беріледі. Сондықтан ол маған ешқандай пәтер қалдырып кеткен жоқ”, – дейді Әділ.