"Біз тұрған үйде жылу да болған жоқ": Байзақова балалық шағын еске алды
Айжан Байзақова қиын-қыстау кезеңде өткен балалық шағын еске алды. Блогердің айтуынша, олар тұрған үйде жылу да болмаған. Ол "өмірде қалағанымды алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым" деп ағынан жарылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айжанның бұл әңгімені қозғауы бекер емес. Ол бар қиындыққа төзе біліп, інісі екеуін осы күнге жеткізген анасын туған күнімен құттықтады.
"Анам екеуміз екі түрліміз. Ол сабырлы, ештеңеге қарамастан, өзін толықтай отбасы мен балаларына арнаған адам. Анам сабырлықпен күткен сол "жақында келетін күндер" енді жетті. Туған күніңізбен, сұлуым. Сондай-ақ, сіздерді өжет мінезді әжеммен таныстырғым келеді. Онымен мінезіміз ұқсайды", - дейді блогер.