Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұйқыдан айырылдық": Қасиетті жәдігерді ұрлағандар мүсіннің киесінен қорқып, оны орнына қайтарған

Үндістанның Мумбай қаласында ұрылар тобы индуизм ғибадатханасын тонап, одан алтын мүсіндер мен басқа да ондаған діни жәдігерлерді алып кеткен. Арада бір апта өткен соң олар барлық дүниені қорыққандарынан кері қайтарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біреу олжасының көп бөлігін ғибадатхананың жанындағы бас діни қызметкердің үйіне қалдырған. Жәшіктің бетінде жазба қалдырылған. Онда ұрылар қорыққандықтан бағалы заттарды қайтарып бергендерін мойындады.Тонаудан кейін күн сайын түнде қорқынышты түс көргендерін айтқан олар істеген істері үшін кешірім сұрады.

"Біз ұйықтай да, тамақтана алмай да, тіпті тыныш өмір сүре де алмай қалдық. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық. Бағалы заттарыңызды қайтарып жатырмыз", – деп жазған олар.



Үндістан полициясы қайтарылған жәдігерлер арасында сегіз асыл металдың қорытпасынан құйылған салмағы 5 келі мүсінше, сондай-ақ құдайларды әшекейлеуге пайдаланылған қымбат күмістердің бар екенін айтты.

Ұрылар әлі табылған жоқ. Бірақ полицейлер мен діни қызметкерлер қарақшылардың өздері келіп мойындайтынына сенімді. Өйткені олар ұрланған заттардың бір бөлігін қайтармаған. Бұл үшін құдайлар оларға тыныштық бермейді.

Талқылау