"Біз әлі шағымданамыз": Полиция әнші Кенталға төрт жыл бұрынғы видеосы үшін айыппұл салды
Қазақстандық әнші әрі актер Талғат Кенжеболатовқа полиция формасын заңсыз кигені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оған ӘҚБтК-нің 675-бабы «Әскери киімнің белгілері бар киімдерді, сондай-ақ арнайы формаларды заңсыз пайдалану» бабы бойынша 5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл салынды.
«Ол жариялаған видео зерттелмеген. Ол іс материалында болмаған. Сот видеоны зерттемей, оны кінәлі деп тапты. Біз сот шешіміне 10 күн ішінде шағымданамыз. Біз бұл шешіммен келіспейміз», - деді әншінің адвокаты Мұрат Амитов.
Ол видео төрт жыл бұрын түсірілгенін, форма актерлік киім екенін айтты. Адвокат көптеген әйгілі актерлер мен вайнерлердің осындай формаларды қолданып жүргендерін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы әнші Кенталды адамдардың ауыр хәлін мазақ етті деп айыптаған еді. Бұған дейін әнші полицияның қысым көрсетіп жатқанын айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"