Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрмеге отырғызамыз деді": Әнші Кентал өзіне полиция қысым көрсетіп жатқанын айтты

Әлеуметтік желіде вайн түсіріп жариялаған Кенталдың басы дауға қалды. Әншінің соңына полиция қызметкерлері түсті. Полиция басқармасы Кенталдың бейнебаянына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KENTAL (@kentalkz)

"Бәріне сәлем, достар! Біреу күйзелісте жүр, біреу ауырып жүр, біреудің отбасында, жұмысында проблемалар бар. Біреу несиесін уайымдап жүр. Уайымдамаңыздар, біз бәрібір өлеміз", - дейді әнші видеода.

Бұған Алматы қалалық полиция басқармасы түсініктеме берді.

"Бұл хабарлама полицияның наразылығын тудырды. Осыған байланысты Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам шын мәнінде ішкі істер органдарының қызметкері емес деп мәлімдеді. Талғат Кенжеболатовтың іс-әрекетіне заңгерлік тұрғыдан баға беріледі. Оған қатысты тексерулер жүргізілуде", - деді Алматы қаласындағы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Өзінен 14 жас кіші: Әнші Кентал өзге ұлттың өкілімен үйленді


Кентал есімімен танымал әнші Талғат Кенжеболатов видеоны төрт жыл бұрын түсіргенін хабарлаған болатын. Видео үшін полиция қызметкері алдында енді ғана жауап берген. Әнші оқиғаның егжей-тегжейін айтып, видео таратты.

Оның айтуынша, үйіне екі полиция қызметкері мен екі қарулы арнайы жасақ келіп, хаттамасыз полиция бөлімшесіне алып кеткен. Әнші қарсылық танытпағанын айтады.

Төменде Кенталдың 4 жыл бұрын түсірген шулы видеосы

Айтуынша, тәртіп сақшылары дөрекі сөйлесіп, қорқытып, қысым көрсеткен.

"Мен бұдан әрі не болатынын білмеймін. Мен ешқашан біреуге күш көрсетпегенмін. Полиция - бізді қорғайтын орган. Мен қорғауды қайдан іздейтінімді де білмеймін. Егер бірдеңе дұрыс болмай жатса, әріптестеріме хабарласқым келеді. Олар мені бес сағаттан артық ұстады", - деді ол.

Кенталды әріптестері мен достары қолдады, олардың арасында Дильназ Ахмадиева, Жәния Джуринская, Анатолий Цой, Ерлан Алимов, Бейбіт Көшқалиев бар.

Талқылау