Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Биткоин бағасы алғаш рет 95 мың доллардан асты

Биткоин бағасы рекордтық деңгейге жетіп, 96 812 долларға дейін өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Криптовалюталар бойынша сауда көлемі ең үлкен Binance биржасында биткоин бір тәулікте 4,85% қымбаттап, 96 486 долларға жетті. Астана уақытымен сағат 09:15-тегі жағдай бойынша биткоин бағасы 96 812 долларға теңесті.

Айта кетейік, ай басынан бері өсім 36,49%-дан асты. Ал өткен жылмен салыстырғанда криптовалюта бірден 158,72%-ға қымбаттаған. Сол кезде бір биткоиннің бағасы шамамен 37 мың доллар болған.



Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін криптовалютаға қызығушылардың саны күрт артқан. Сонымен қатар бұл Трамптың өзінің сайлауалды кампаниясы кезінде цифрлық активтерді қолдауымен байланысты болып отыр. Ол АҚШ-ты "криптовалюта планетасына" айналдыруға және ұлттық биткоин қорын жинауға уәде берген еді.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 21 Қараша, 2024 09:29
Талқылау