Бішкекте шенеуніктер енді қоғамдық көлікпен жүруі керек
Бішкекте шенеуніктерге жеке көліктерімен жүруге шектеу қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Yoursite
Бастаманы қала басшысы Айбек Джунушалиев көтерген. Жаңа ережеге сәйкес әкімдік қызметкерлері аптасына екі рет автобуспен қатынауға міндетті.
Сондай-ақ ведомстволық және аумақтық бөлімдердің, муниципалды кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сейсенбі мен бейсенбі күндері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуге тиіс. Әр шенеунік автобустың санитарлық тазалығын және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылап, ай сайын есеп береді.
Қызмет көліктерін тек жұмыс уақытында ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Жаңашылдық кептелісті азайтып, қоғамдық көлікке сұранысты арттырады деп отыр.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
