Бишімбаевтың сот отырысына журналистерді кіргізбейді: Ақпарат министрлігі мәселені шешуге тырысып жатыр
Мәдениет және ақпарат министрі бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында журналистерге орын беру шараларын қабылдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айда Балаева министрліктің журналист құқығын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және обьективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайтынын атап өтті.
"Кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізеді", – деді Аида Балаева.
Министр БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, заңның үстемдігін, бейтарап сот төрелігін ескеріп, жалған ақпарат тарату мен сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.
Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді.
Нәтижесінде сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурыз күні сағат 10.00-де өтетін болды.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты