Бишімбаевтың отбасы сотта сараптама қорытындысын өзгерту үшін BAU мейрамханасын бермек болған
Коллаж Stan.kz
Бишімбаевтың отбасы сотта сараптама қорытындысын өзгерту үшін BAU мейрамханасын беруге дайын болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 мамырда Қуандық Бишімбаевтың ата-анасының Қайрат Кемеловке қарсы азаматтық шағымы бойынша сот отырысы өтті. Қайрат Кемелов – Бишімбаевтардың туысы әрі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотта куәлік берген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровтың әріптесі.
Ата-анасы Бишімбаевтың беделін қорғау мақсатында берген азаматтық шағымның себебі Қайрат Кемеловтың олар жөнінде айтқан мәлімдемесі. Кемелов өз сөзінде Бишімбаевтың ата-анасы оның көмегімен сараптама қорытындысын ұлдарының пайдасына қолдан жасау үшін ақша ұсынбақ болғанын айтқан еді.
Сотта Қайрат Кемеловтың жұбайы Бекзат Кемелова куәгер ретінде жауап берді.
"Азаптағаны дәлелденген жоқ": Бишімбаевтың қарындасы ағасын жақтап, желіде мәлімдеме жасады
"Қуандық Бишімбаевтың анасы тіпті "болмаса, BAU мейрамханасын толығымен атына жазып береміз" деп ұсыныс айтты. Бұл — Нұрлыбекованың (Бишімбаевтың анасы) сөздері. Олар сараптама қорытындысы өз пайдасына шыққанын қалады, яғни, Нүкенова биіктіктен өзі құлады деген қорытынды жасалуы үшін", – дейді Кемелова.
Бишімбаевтардың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, жауапкердің жұбайы Бишімбаевтар мен Кемеловтың арасындағы әңгіме болған уақытта ол жерде болмаған, сондықтан оның куәлігі дәлел ретінде қарастырылмауы тиіс.
"Кемелов 2023 жылы 9 қарашада Салтанат Нүкенованың қаза болған күнінде, марқұмның өлімінен кейін Бишімбаевтардың үйіне барғанын, сол күні олар оған осындай ұсыныс жасағанын айтты. Алайда бұл ақпаратты дәлелдейтін ешбір айғақ жоқ, тек жауапкердің ауызша, дәлелсіз мәлімдемесі ғана бар. BAU мейрамханасын тек "басын соғып алған болуы мүмкін" деген сөз үшін жекеменшік сарапшыға қалай беруге болады? Адам өз бетімен құлап кетуі мүмкін екенін білеміз, бірақ бұл автоматты түрде адамды ақтайды деген сөз емес. Осы үшін мейрамханамен төлем жасау керек пе? Егер Кемелов білгенде, оған құжаттар ұсынылар еді, BAU мейрамханасы Бишімбаевқа тиесілі емес. Оны басқа адамның атына өткізу мүмкін емес. Ол тек "Гастроцентрден" жалға алған орын ғана, ал "Гастроцентрдің" бірнеше құрылтайшысы бар. Бишімбаев сол жерде тек тамақ сатумен айналысқан. Бұл жалға алынған орынды қайта жазып беру мүлде мүмкін емес", – дейді адвокат.
Жауапкердің адвокаты Игорь Вранчев әріптесінің дәлелдеу міндеті туралы айтқан сөздерін теріске шығарып, талапкерлер оның қорғаушысының сөздерінің өтірік екенін дәлелдей алмайтынын мәлімдеді. Вранчевтің айтуынша, BAU мейрамханасының Бишімбаевқа тиесілі екені Бишімбаев ісі бойынша сотта анықталған.
"Мәселе осындай ақпараттың жария болуы талапкерлердің абыройына нұқсан келтіре ме? Менің ойымша, бұл жағдайда олардың абыройына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, өйткені олардың абыройы, егер олар өздерінде ондай нәрсе бар деп есептесе, олардың ұлы бірінші рет сотқа тартылғанда-ақ бұзылған ед. Сондықтан олардың абыройы немесе қадір-қасиеті туралы айту мағынасыз деп есептеймін. Осыған байланысты, құрметті сот, талапкер тарапынан Кайрат Кемелов берген сұхбаттағы ақпараттың шындыққа сәйкес еместігі туралы ешқандай дәлелдер ұсынылмады", – деді адвокат.
Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті, оның нәтижесі бес жұмыс күні ішінде жариялануы тиіс.
Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаевтың ата-анасы туыстарын 500 миллионнан астам теңгемізді алып, жала жапты деп сотқа берген еді.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
