Бишімбаевтың адвокаттары БАҚ өкілдерін жала жапты деп сотқа бермек
Қуандық Бишімбаевты қорғаушы адвокаттар сотталушының позициясын қандай да бір жағдайда жамандаған БАҚ-ты сотқа беретіндерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы сот
Назкен Құсайынова сот отырысында Бишімбаевты қорғаған өзінің және оның адвокаттар тобының баспасөзді сотқа беруге ниетті екенін айтты. Оның айтуынша, БАҚ сот процесін біржақты сипаттады.
"Жақсы, әрине, екі жақ та... Бірақ сіз сот процесіндегі айтылғандарды өздеріңізге ыңғайлы етіп жаздыңыздар. Алты айдан бері олар бізді жамандаудан басқа ештеңе істемеді. Тапсырыс берушінің кім екенін және мұны кім істеп жатқанын анықтау үшін көп уақыт қажет. Жала жабумен айналысқан адамдар туралы ақпарат тапқан кезде (осы ақпараттың барлығы Бишімбаевтар отбасына қарсы күрес) міндетті түрде жария ететін боламын", — деді Назкен Құсайынова.
- "Үш-ақ рет ұрған": Сот жарыссөзінде адвокат Ерлан Ғазымжанов негізсіз сөз айтқаны үшін судьядан ескерту алды
- "Неге Бишімбаев ескі Қазақстан үшін жауап беруі керек?": Бишімбаевтың адвокаты жәбірленушінің қорғаушысына қарсы шықты
Адвокаттың айтуынша, қазір материалдар жинақталып жатыр, сот аяқталған соң адвокаттар сот процестерін бастайды.
Айта кетейік, бұған дейін Әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчевтің сөзіне қарсы шықты. Лейла Рамазанова Бишімбаевты “Оттело” мен “Чикатилоға” теңеу орынсыз екенін айтған болатын.