Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың адвокатына әлдекімдер қоқан-лоқы көрсеткен: Полиция тергеуді бастады

Сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов өзіне көрсетілген қоқан-лоқыға байланысты полицияға арыз жазды. Тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот

Сотқа дейінгі тергеуді Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция бөлімі жүргізеді.

"Белгісіз тұлғалардың қорқытуы бойынша Қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігі (Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруге байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Қазір істің барлық мән-жайын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігінде адвокаттарға, прокурорларға, қорғаушыларға, сарапшыларға, сот орындаушыларына немесе олардың жақындарына төнетін қауіптер туралы айтылады. Бұл ретте қатерлер "сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырумен, істі немесе материалдарды сотта қараумен, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындаумен" байланысты болуға тиіс.

Осы қылмыс үшін 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл (2024 жылы 11 миллион теңгеден астам) немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру/шектеу түрінде жаза қарастырылған.

Бишімбаев ісі бойынша судья Айжан Құлбаева да осындай жағдайға тап болған. Сәуір айында, экс-министрдің сот процесі кезінде Құлбаева келіп түскен қауіп-қатерлерге байланысты күзетке алынды.

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжановты белгісіз біреулер қорқытқанын хабарлаған едік. 

Талқылау