Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжановты белгісіз біреулерден қорқытқан

Бишімбаев ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты болған Игорь Вранчев "Голос народа" YouTube-арнасына берген сұхбатында Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжановқа қатысты қорқытулар болғанын айтты. Ол әріптестеріне қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеу керегін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Жоғарғы сот

Адвокат ең алдымен қорғаушының кәсіби қасиеттерін дұрыс бағалау қажет екенін жеткізді.

"Хейт, ең алдымен, адвокаттардың өз клиентімен бір позицияны ұстанған сәтінен басталды. Біздің заң бұған тыйым салады. Бұл дұрыс емес. Сіз кейбір кәсіби қасиеттерді бағалай аласыз, бірақ қанішерді қорғасаңыз, сіз де қанішерсіз деген сөз емес. Қорғаушы айыпталушымен бірге ол іс үшін жауап беруге тиіс деу қате", – деді Вранчев.

Адвокат Қуандық Бишімбаевтың қорғаушыларымен жеке қарым-қатынасы туралы айтты.

"Жұмыстан тыс уақытта біз жақсы араласамыз. Ләйлә Рамазанованы, Назкен Құсайынованы, Ерлан Ғазымжановты жақсы білемін. Қарым-қатынасымыз жақсы. Жұмыс – ол жұмыс. Иә, сот отырысында сөз таластырғаннан кейін бір жерде эмоцияға беріліп, аздап қарым-қатынасымыз шиеленісіп кетеді. Бірақ таңертең сәлемдесіп, үзіліс кезінде сөйлесеміз. Жеке қарым-қатынастың іске қатысы жоқ. Сотта біз қарсылас бола аламыз", – деді Вранчев.



Ал Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов өзіне қарсы қоқан-лоқылардың болғанын растады. Бұл жағдайдың судья Құлбаеваға жасалған қоқан-лоқылармен бір уақытта болғаны анықталды.

"Иә, маған Бишімбаевты қорғаудан бас тартуды талап етіп, қоқан-лоқы жасаған хабарламалар келіп түсті. Бұл судьяға қоқан-лоқы жасалған кез болатын. Мен де судья сияқты полицияға хабарластым. Қылмыстық іс қозғалды, бірақ ешкім ешкімді іздегісі келмейді. Менің түсінгенім бойынша, судьяның ісінде де ешнәрсе жасалып жатқан жоқ", – деді Ғазымжанов.

Ол белгісіз адамдардың жалған аккаунттардағы хабарламаларымен шектелгенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін 13 мамырда әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотталған еді. Сотта экс-министрдің мүддесін қорғаған адвокаттардың бірі алғаш рет сот үкімі туралы мәлімдеме жасаған

Талқылау