Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевқа қатысты сотты жүргізіп жатқан судьяны қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласының полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы Сот

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты істі жүргізіп жатқан судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

“Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі “Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу” бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді”, – деп мәлімдеді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды. Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі Судьяға жала жабу” бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр. 

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау