Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев Нүкенованың тойдан кейін мінезі өзгеріп кеткенін айтты

Бишімбаев тойдан кейін келіншегінің мінез-құлқы өзгеріп, ашушаң болып кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

“Тойдан кейін не болғанын білмеймін, Салтанаттың мінез-құлқы өзгеріп, ашушаң боп кетті, бірдеңеге алаңдап жүргенін байқадым, ұрсып беретін. 

Бірде көліктің кілтін таба алмай қойды. Мен оған кілтті жәй ғана дәліздегі ілгішке қойып кете салмайсың ба” деп айттым. Былай қарасаң жәй ескерту, бірақ мен кешке келгенде үлкен әңгіме болды. “Сен неге маған олай айтасың? Үйлендім, болды, солай сөйлей аламын деп ойлайсың ба? Мен қазір кетіп қала аламын, туыстарымның алдында бастысы белгі қойдым (тұрмысқа шықтым деп – ред.), енді маған бәрібір, ертең-ақ кетіп қаламын” деп ашуланды маған. Өтірік айтып тұрсам Алла жазамды берсін”, – деді Бишімбаев. 

Ол жарының мұнда әрекетіне қатты таңғалғанын айтты.

“Алдымда тұрған мүлдем басқа адам еді. Мүлдем басқа түр, мүлдем басқа сөйлеу мәнері, басқа дауыс ырғағы. “Айтып болдың ба” деп ем, “иә” деді де кетіп қалды. Содан кейін 2 күн сөйлескен жоқпыз. Келіп мұндай біртүрлі әрекетін түсіндіреді немесе кешірім сұрайтын шығар деп күттім. Ол менен не күткенін білмеймін.

Айпыталушының сөзінше, осыдан кейін екеуі бөлек бөлмеде ұйықтайтын болған. 

“2-3 күн өткенде не болғанын түсіну керек болды. Жұмыстан келіп “Салта, сөйлесейік. Не болды, түсіндірші. Мұндай біртүрлі, агрессивті әрекетіңнің себебі неде?” деп сұрадым. 

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотқа тартылған Бишімбаев сот отырысында алғаш рет сөйледі.

Бишімбаев өзіне берілген сөйлеу кезегінде қылмысты қасақана жасамағанын және марқұм Салтанатты жақсы көргенін айтты.

Талқылау