Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев алғаш рет сотта сөз сөйлеп, қылмысты қасақана жасамағанын мәлімдеді: Марқұмның анасының жүйкесі сыр берді (видео)

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотқа тартылған Бишімбаев сот отырысында алғаш рет сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Бишімбаев өзіне берілген сөйлеу кезегінде қылмысты қасақана жасамағанын және марқұм Салтанатты жақсы көргенін айтты.

“Мына жерде менің жақындарым отыр. Мен Салтанатты жақсы көрдім, оны әдейі өлтіру ниетім болған жоқ. Жақындары мені “жауыз” деп атай берсін, мен өзімді қорғауым керек, қорғауға міндеттімін, ал былайынша жазамды өтеуге дайынмын. Салтанаттың көзін ағызып, бас сүйегін жарды деген ақпарат шынайы емес, мен оны дәлелдеймін. Экс-министр болғандықтан, осындай шу болып жатыр”, – деді Бишімбаев. 



Сөзінше, Салтанаттың ағасының қоқан-лоққысынан Бишімбаевтың отбасы жерлеуге қатыса алмады.

Айыпталушы сөйлеп жатқан кезде Салтанат Нүкенованың анасы шыдай алмай, ашуға булықты. 

“Мен қызыммен көрісе де алмадым, сен оны өлімше етіп соққыға жықтың. Қалайша бұлай айтасың? Сен туралы бар шындықты жайып салайын ба? Сен баланы өлтірдің! Сен оны 8 сағат өлтірдің, қалай абайсызда деп айтасың?”, – деп айқайлады Салтанаттың анасы.

Айта кетейік, Бишімбаевтың қорғаушылары процестің кез келген уақытында одан жауап алуға рұқсат беруді сұрады. Зардап шеккен тарап оған қарсы болды. Десе де судья өтінішті қанағаттандырды.

Сонымен қатар судья сот отырыстарынан кейін әлеуметтік желілерде пікір білдіруге тыйым салу туралы өтінішті қанағаттандырды. 

Сонымен қатар сот отырысы барысында Бишімбаевты қорғаушы тарап куәгерге қойылған сұрақтарға ашуланды.

Талқылау