Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әр нәрсенің шегі болуы керек": Қазақстанның адвокаттары Бишімбаевтың ісіне байланысты шұғыл түрде жиналмақ

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев Facebook-тегі парақшасында Қуандық Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: advokatura.kz

"Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауға тиіс", – делінген желідегі жазбасында.

Оның айтуынша, республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселе бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді.


Еске салайық, заңгер Жохар Өтебеков әлеуметтік желілерде Бишімбаев ісіне қатысты процеске белсенді түрде түсініктеме беріп жүр. Бұған дейін оның айыптаушы тарап пен судьяның жұмысына көңілі толмайтыны туралы жазған едік. Адвокаттың сөзінше, олар "процеске бақылауды жоғалтып, сотты "ток-шоуға" айналдыруға мүмкіндік беріп отыр. Маңызды сәттерді күтіп, тыңдаудың орнынан тараптардың сөзін орынсыз ескертулермен тыйып тастайды дейді заңгер.

Талқылау