Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев ісі бойынша үкім шығарған судья марапатталды

Бишімбаев ісі бойынша үкім шығарған судья Айжан Құлбаева марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова салтанатты жағдайда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаеваға ведомстволық марапатты табыстады. 

Айжан Құлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті қызметі және дамытуға қосқан үлесі үшін жоғарғы соттың ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды.


"Кемшіліктерімді көрдім": Судья Айжан Құлбаева Бишімбаев ісінің өзіне қалай әсер еткенін айтты


Айсұлу Сламбекова сот төрағасы Құлбаеваның істерді адал, сапалы қарайтынын атап өтіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Айта кетейік, судья Айжан Құлбаева әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша үкім шығарған еді. 

Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік наградамен марапатталған еді. 

Талқылау