Біртановпен байланыста болған тағы бір министр өзін-өзі оқшаулады
Коронавирус жұқтырған әріптесі - денсаулық сақтау министрімен байланыста болған ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та оқшауланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан растап отыр,
"Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен қарым-қатынаста Сапархан Омаров коронавирус бойынша тесттен өтіп, оның КВИ жұқтырмағаны анықталған. Алайда КВИ-ден емдеу және диагностика хаттамасына сәйкес ауыл шаруашылығы министрі белгілі бір уақыттан кейін қайтадан тесттен өтуі тиіс. Оған дейін министр оқшауланады", - деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.
Сөзінше, алдағы уақытта шенеунік жұмысын министр кесте бойынша видеоконференция тәртібімен жалғастыра бермек.
Еске салайық, бұған дейін Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны мәлім болған еді.
Қазіргі таңда үкімет білім министр Асхат Аймағамбетов пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"