Біртанов: Қазақстандықтардың қозғалысын шектеуге негіз жоқ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жағдайы бойынша көрсеткіші өңірлер бойынша теңестірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Эпидемияға қарсы шаралар, оның ішінде шектеу шаралары жалғасады. Ел ішінде жүруге тыйымның алынып тасталуы, тұтастай алғанда, біздің республика бойынша аймақтар арасындағы ауру деңгейінің теңестірілгенін білдіреді, ал қазір азаматтарды қозғалыстан шектеудің қажеті жоқ», - деді министр.
Дегенмен министр жеңілдеулерге қарамастан, қазақстандықтар эпидемияға қарсы сақтық шараларын ұстануы керек екенін атап өтті.
«Бірақ сонымен бірге, эпидемияға қарсы сақтық шараларды орындау бойынша талаптар, өндірісте, жұмыс орнында, қоғамдық орындарда және көлікте, бұл талаптар сақталады. Ауру өршіп кетпес үшін шараларды сақтау өте маңызды», - деді Біртанов.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі