Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов: Қазақстандықтар еліміздегі медициналық бетперделерді жаппай сатып алып, Қытайға жіберіп отырған

Денсаулық сақтау министрі медициналық бетперделерге байланысты елді дүрліктірмеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Біртанов өзінің отставкаға кетуін талап еткен резденттерге: Жауап беруге дайын болыңыз

Шенеуніктің сөзінше, қазіргі кезде Қазақстан дәріханаларындағы жағдай мұқият қадағалауда екен. 

"Біз жергілікті басқарушы органдармен бірігіп, дәріханалардағы жағдайды бақылап отырмыз. Кейбір аймақтарда бірқатар мәселелер туындауда. Кейбір кәсіпкерлер нарықта тасымалдаушылар мен дәріханалардың өзінен көптеген бетперделерді жаппай сатып алып, ҚХР-ға жіберуде екен. Бізге Қытай билігі бұған кедергі келтірмеуді сұрады. Егер қытайлықтар өздері келіп сатып алып жатса, біздің бұл жағдайға араласуымыз, әрине, заңсыз", - деді министр. 

Бұған қоса министрі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты қосымша бетперделер дайындалып қойылған. 

"Оған алаңдамасақ та болады. Бізде қосымша бетперделер қоймада жинаулы тұр. Шикізаттың өзі Қытайда дайындалады. ҚХР-да кейбір заттардың экспортына тыйым салынған. Олардың қатарында жеке гигиеналық қорғанысқа арналған құралдар да бар. Нарыққа деген әсері байқалуда. Бірақ жалған ақпарат таратып мәселені ушықтырудың қажеті жоқ. Бетперделер тек ауырып жүргендерге керек", - деді Біртанов. 

Министрдің сөзінше, елдегі бетперде тапшылығын алдын алу үшін оны шет мемлекеттерге тасымалдалуына шектеу қойылған. 

"Егер азамат карантинге жабылса, оған бетперде керек емес. Бірақ қоғамдық жерде, ауырып жүрсеңіз, бетперде тастаған жөн. Олардың саны біздің елімізде жеткілікті. Медициналық бетперде тапшылығын алдын алу үшін оны шетелдерге тасымалдануына тыйым салдық. Барлық мемлекеттер осылай жасауда. Біз бір жылдың қамын жасап қойдық", - деді Біртанов. 

Бұған дейін қазақстандықтар медициналық бетперделердің Қытайға жаппай тасымалдануын айтып дүрлігіпті. 

 

Талқылау