Бірнеше кредиттің орнына біреу: Halyk қайта қаржыландыруы қалай жұмыс істейді

Бүгінде Қазақстандағы орташа қарыз алушының әртүрлі банктерде екіден астам несиесі бар, кредиттің төлем мерзімі мен сомасы да сан қилы. Қай несиені қашан төлеу керектігі адамды тез шатастыруы мүмкін, қаржы ауыртпалығы да артып жатқандай көрінеді. Мұның бәрі қарыз алушыны бір сәтте тұрақты күйзеліске түсіруі мүмкін.
Өз клиенттеріне көмектесу үшін Halyk 1 мамырдан бастап кредитті қайта қаржыландыру акциясын бастады. Демек, қарыз алушылар тіпті бірнеше банктегі несиелерін біріктіріп, өзіне ыңғайлы соманы әр ай сайын төлеп тұра алады. Бұл әр ай жасалатын төлем сомасын кішірейтеді.
Клиенттер қайта қаржыландыру мүмкіндігін басқа банктерге не бұрын Halyk арқылы алған тұтынушы несиелері үшін қолдана алады.
Бұл мүмкіндік бірнеше несиесі бар адамдарға ыңғайлы: клиенттер барлық кредитті бірге "жинап", Halyk-қа аударып, азырақ сома төлей алады.
Мысалы, несиенің жалпы қалдығы 500 мың теңге болса, қосымша сомамен (мысалға 1 млн теңгеге) қайта қаржыландыру алып, қалған бөлігін клиент өз қажеттіліктеріне қолдана алады.
Акция бойынша мөлшерлеме 29% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 32,9-33,2%) деңгейінде бекітілген. Банк кейбір жағдайларда бұл қолданыстағы несие шарттарымен салыстырғанда ай сайынғы қарыз ауыртпалығын азайтатынын атап өтті.
Өтінішті Halyk SuperApp қолданбасы арқылы немесе Банк бөліміне барып, беруге болады. Процесс бар болғаны бірнеше минутты алады.
"Қайта қаржыландыру акциясы барлық қарызды бір несиеге біріктіруге, төлемдерді басқаруды жеңілдетуге және белгілі бір жағдайларда ай сайынғы несие жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Банк бұл процесті мүмкіндігінше жылдам және ыңғайлы етті – сіз Halyk SuperApp арқылы бірнеше минут ішінде онлайн өтінім бере аласыз", - деп атап өтті Halyk Bank.
Өтінім жеке түрде қарастырылады және оның мақұлдануы клиенттің несие тарихы мен табысына байланысты.
Акция банктің ақпараты бойынша, 2026 жылдың 31 шілдесіне дейін өтеді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?