Атырау облысында сенбілік кезінде "ҚазТрансОйлдың" қызметкері көз жұмды

Әлеуметтік желіде Құлсарыда сенбілік кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан "ҚазТрансОйл" компаниясының қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress портылына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оны жүк көлігі қағып кеткен. Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
“ҚазТрансОйл” компаниясының еңбек қауіпсіздігі, экология және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабуловтың айтуынша, компания қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажет көмекті көрсетіп жатыр.
ОқыңызКомпания бұл жазатайым оқиғаны растады, алайда қызметтік тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның егжей-тегжейін жариялаудан бас тартты.
"Қазір “ҚазТрансОйл” компаниясы болған жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін оқиғаның егжей-тегжейі жария етілмейді", – делінген компания жауабында.
Бұған дейін Көкшетауда әйелді көлік қағып өлтірген еді.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Су есептегіштерді "ақылды" су есептегіштерге ауыстыру міндетті ме? Қазақстандықтар не білуі керек
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"