Полицейді шапалақпен ұрған қазақстандық екі жылға сотталды

Жетісу облысы Қаратал ауданында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, учаскелік полиция инспекторы "102" пультіне түскен шақырту бойынша оқиға орнына барған. Қызметтік міндетін атқару кезінде тәртіп сақшысы ер адамның агрессивті әрекетіне тап болған.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы полицейдің бет тұсынан бірнеше рет алақанымен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алған. Сондай-ақ оның погондарын бүлдірген.
ОқыңызСот отырысында мемлекеттік айыптаушы ер адамның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынды. Нәтижесінде сот оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Еске салсақ, Қостанайда полиция қызметкерін мас үш ер адам балаларының көзінше ұрып-соғып кеткенін жазғанбыз.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?