Хантавирус жұқтырған науқаспен байланыс кезінде қателік жіберген дәрігерлер 42 күндік карантинге жабылды

Нидерландтың Неймеген қаласында хантавирус жұқтырған науқаспен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік хаттамасы бұзылғандықтан, университеттік медициналық орталықтың 12 қызметкері карантинге жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Вирус жұқтырған адамның қан және зәр талдауларымен байланыс кезінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Сондықтан орталық басшылығы 12 медицина қызметкерін алдын алу мақсатында 42 күндік карантинге жіберді. Аурухана өкілдері жұқтыру қаупі өте төмен екенін айтып, басқа науқастарға медициналық көмек үздіксіз көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін хантавирус өршіген MV Hondius круиздік кемесінің жұқтырған жолаушысы 7 мамыр күні Неймеген университеттік медициналық орталығына жеткізілген. Ал 12 мамырға қараған түні Нидерландқа Тенерифеден эвакуацияланған 28 жолаушы мінген ұшақ қонды. Олардың арасында Нидерландтың сегіз азаматы бар.
Hondius MV кемесіндегі хантавирус індеті басталғалы бері үш адам көз жұмды: Нидерландтық ерлі-зайыпты және Германия азаматы.
11 мамыр, дүйсенбі күні, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеті расталған және осы инфекцияға күдікті екі жағдай тіркелгенін хабарлады. Күдікті жағдайлардың бірінде адам тест тапсырмай тұрып қайтыс болған, ал екіншісі Оңтүстік Атлантикадағы Тристан-да-Кунья аралында анықталған, онда тест жүргізу мүмкін болмаған.
Расталған жағдайлардың қатарында Франциядан келген жолаушы әйел де бар. Оның хантавирус жұқтырғаны круиздік кеме 10 мамыр, жексенбі күні Тенерифеге тоқтағаннан кейін белгілі болған. Бұған дейін Испания билігі лайнер жолаушыларының бірінен вирус анықталғанын хабарлаған еді. Қазір ол Мадридтегі әскери госпитальда карантинде жатыр.
Hondius MV кемесінің Германия азаматы болған төрт жолаушысы арнайы көлікпен Германияға жеткізілді. Олар Франкфурт-на-Майнедегі университеттік клиникада қосымша тексеруден өтеді. Одан кейін Берлин мен Баден-Вюртембергті қоса алғанда, әртүрлі федералдық аймақтарда карантинге орналастырылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеме жолаушыларының барлығына 42 күндік карантин енгізуді ұсынып отыр.
Айта кетейік, қауіпті хантавирус індеті Аргентинадан Кабо-Вердеге бет алған Нидерландтың MV Hondius круиздік лайнерінде тіркелді.
Дүйсенбі күні World Health Organization Анд хантавирусының жеті расталған және екі болжамды жағдай тіркелгенін хабарлады. Бір адам тест тапсырмай тұрып қайтыс болса, екіншісі Оңтүстік Атлантикадағы шалғай орналасқан Tristan da Cunha аралында көз жұмған. Ол жерде тест жүргізуге мүмкіндік болмаған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз