AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір нәрсе әпер деп сұрамаппын": Жазира Байырбекова күйеуінен мәһр сұрайтындарға қатысты ойын айтты

Соңғы кездері желіде мәһр сұрау мәселесі қызу талқылануда. Жаңадан отбасын құрған қыз-келіншектер жолдастарынан түрлі бағалы сыйлықтар сұрайды. Соңғы үлгідегі Iphone, қымбат көлік, тіпті пәтер сұрайтындар бар. Ал Жазира Байырекова тұрмысқа шығар кезде жары Жанболаттан ештеңе сұрамағанын айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Күйеуінен "мәhр" сұрамағандар не істейміз? "Мәhр" сұрағандар мен сұрамағандардың пікірлері қалай екен?! Өзім жоқшылықта да,баршылықта да бір нәрсе әпер деп сұрамаппын.

Осы үшін үйленбей, осы үшін ренжісіп қалмай ма екен жастар?! Әлде ер азаматтың еңбектенуіне, ізденуіне түрткі бола ма?" - деп пікір білдірді әнші желі парақшасында. 

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдірді. Бірі шариғат бойынша сұраған дұрыс десе, екіншілері ер азаматты қинамау керек дегенді алға тартты.



"Шаригат бойынша сұрау керек дейді. Бірақ шамасы келмесе алып беруге міндетті емес деп ойлаймын. Ер жігіт мойнына қарыз болмасын деп ойласа алып беретін шығар. Мен сұрағам, мүмкіндігі жетіп жатса, алып берер. Мен үшін ол маңызды емес. Бір-бірімізді бағалап, бақытты өмір сүрсек болды. Бала-шағамыз аман, бауырымыз бүтін болса болды", – деді оқырманның бірі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр