"Бір нәрсе әпер деп сұрамаппын": Жазира Байырбекова күйеуінен мәһр сұрайтындарға қатысты ойын айтты
Соңғы кездері желіде мәһр сұрау мәселесі қызу талқылануда. Жаңадан отбасын құрған қыз-келіншектер жолдастарынан түрлі бағалы сыйлықтар сұрайды. Соңғы үлгідегі Iphone, қымбат көлік, тіпті пәтер сұрайтындар бар. Ал Жазира Байырекова тұрмысқа шығар кезде жары Жанболаттан ештеңе сұрамағанын айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осы үшін үйленбей, осы үшін ренжісіп қалмай ма екен жастар?! Әлде ер азаматтың еңбектенуіне, ізденуіне түрткі бола ма?" - деп пікір білдірді әнші желі парақшасында.
Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдірді. Бірі шариғат бойынша сұраған дұрыс десе, екіншілері ер азаматты қинамау керек дегенді алға тартты.
"Шаригат бойынша сұрау керек дейді. Бірақ шамасы келмесе алып беруге міндетті емес деп ойлаймын. Ер жігіт мойнына қарыз болмасын деп ойласа алып беретін шығар. Мен сұрағам, мүмкіндігі жетіп жатса, алып берер. Мен үшін ол маңызды емес. Бір-бірімізді бағалап, бақытты өмір сүрсек болды. Бала-шағамыз аман, бауырымыз бүтін болса болды", – деді оқырманның бірі.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”