Қазақстанда бірқатар салықты төлеу мен қаржылық есеп беру мерзімі 22 қаңтарда бітеді
Қазақстанда 2024 жылғы 22 қаңтарда қаржылық есеп тапсыру мен бірқатар салықты төлеу мерзімі аяқталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөз
“Параграф” ақпараттық жүйесі төмендегі салық есептерін 22 қаңтардан кешікпей өткізу керек екенін еске салды:
- КТС бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең үшін төленуі керек 2024 жылғы КТС аванстық төлемдер сомасын есептеу (101.01-үлгі).
- 2023 жылғы желтоқсан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-үлгі).
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген сомаларды есептеу (егер шарт немесе лицензия 2023 жылғы желтоқсанда алыyса) (851.00-үлгі).
- 2023 жылғы желтоқсанда рұқсат алған кезде төлем көлемі 100 АЕК-ке дейін болған I және II санаттағы объектілердің қоршаған ортаға зияны үшін төлемақы декларациясы (870.00-үлгі).
Сонымен қатар 2023 жылғы желтоқсан айы үшін импортталған тауарларға Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған құн салығын төлеу қажет.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады