Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейбір нысандардың жұмысы тоқтатылады: Нұр-Сұлтанда қатаң карантин енгізілмек

Нұр-Сұлтанның қызыл аймақта екенін ескере отырып, қалада 21 наурыздан бастап локдаун енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жексенбіде сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады (олардың ішінде орналасқан дәріхана, сондай-ақ тамақ пен тұрмыстық қажеттіліктерді сататын және қызметіне рұқсат етілген мекемелерден басқа), жабық азық-түлік базарлары, азық-түлікке жатпайтын тауарларды сату нысандары, жабық спорт ғимараттары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ жұмыс істемейді. Сондай-ақ жексенбіде қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады - дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Фитнес орталықтарының, фитнес клубтардың, спорттық-сауықтыру мекемелерінің, сауналардың, курорттық орталықтардың жұмысына сенбі мен жексенбіде тыйым салынады (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын нысандардан басқа, олар үшін «сары аймақ» қолданылады).

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Өткен демалыс күндері коронавирус жұқтырғандар саны көбейді. Осыған байланысты қосымша карантиндік шектеулер бар жарлық 18 наурыздан бастап күшіне енеді.

Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Медициналық ұйымдарға және денсаулық сақтау қызметкерлеріне жүктеме болмау үшін маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау секілді қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажет.

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 18 наурыздан бастап тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) жұмыс уақыты жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін қысқарғанын баса айтты.

Сонымен қатар, 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинозалдардың жұмысына тыйым салынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр