Бірінші вице-премьер утилдік алымды алып тастауға қатысты пікір білдірді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда утилалымнан бас тарту туралы үндеуге түсініктеме пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл тақырыпты енді қозғамаймын деп өзіме уәде берген едім. Себебі барлығы үшін айқын нәрсе. Алайда бүгін бұл туралы айтып өтейін. Популистер түрлі пікір айтып, акциялар өткізуі мүмкін. Дегенмен үкімет өнеркәсіпті дамыту үшін жұмыс жасады және жасап та келеді. Бірақ өнеркәсіптің дамуы басты мақсат емес, жалпы ішкі өнім де басты мақсат емес", - деді Роман Скляр.
Оның сөзінше, сапалы, табысты және жалақысы жоғары жұмыс орнын жасау – басты міндет болып отыр. Бірінші вице-премьер мемлекеттің жастарды заманауи кәсіпорында қызмет етуге дайындау керегін атап өтті.
Сонымен қатар Роман Скляр Қазақстан азық-түлік пен көлікте ғана емес, өнеркәсіптік қауіпсіздікте де тәуелсіз болуы тиіс екенін атап өйтты.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады