Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек қырғыз жігіті анасына салмақ салмау үшін Ақтөбеде қарттар үйінде жатыр

34 жастағы қырғыз жігіті жеті жылдан бері қарттар үйін паналап жүр. Ұлан І топ мүгедегі. Ол өзі туралы кей ақпараттардың жасырын қалғанын қалады.

DSC_003011

Айтуынша, жалғыз тұратын анасына салмақ салмау үшін интернатқа өзі келген. Басына түскен жайтты ол Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді.

«Менің ұлтым қырғыз, анам қазақ. Қырғызстанда тудым. Кішкентай кезімде Қазақстанға көшіп келгенбіз. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында тұрдық. Мектепті бітіріп, сол жақта жұмыс жасадым. 2004 жылдан бері арбада отырамын. Биіктен құладым. Төртінші қабатта балконнан балконға түсемін деп жүріп, осындай жағдайға ұшырадым. Арбаға таңылғаныма 13 жыл болды», — дейді Ұлан суретке түсуге қысылатынын айтып.

«Мен біреулердің мүсіркегенін қаламаймын. Бұл менің өмірім. Мүмкін маған осы тағдыр жазылған шығар. Ешкімге салмақ түсірмес үшін осында келуге мәжбүр болдым. Хромтауда төртінші қабатта тұрдық. Сыртқа шығуым қиын болды. Оның үстіне қалаға жарыстарға жиі келемін. Мүгедектер арасында өтетін гір лақтыру, арбалар жарысына, шахмат ойындарына қатысамын. Алғашында осы қалада тұратын апам мен жездемнің үйінде тұрдым. Қиындау болды. Екінші жездемнің үйінде де тұрдым. Соңында осы жерге келдім. Маған осы жер ыңғайлы болды», — дейді І топтағы мүгедек жігіт.

Ұлан 2010 жылдан бері интернатта тұрады. 62 жастағы анасының интернатқа келіп тұратынын айтты.

«Білмеймін, мүмкін жеңілдік іздеген шығармын.  Сыртқа шығу үшін әркімнің бетіне қарап жалынғым келмеді. Анам «өз үйіңнен қашып жатсың» деп ренжіді. Кейін бәріміз осы жағдайға үйреніп кеттік. Осында келіп тұрады», — дейді ол.

Айта кетейік, Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернатта 240 адам тұрады. Оның тең жартысы мүгедектер. Жастары әртүрлі.

Тағы да оқыңыз:

«Тастандылар» үйіндегі «Алтын белгі» иегері: Балаларымның бақытты болғанын тілеп отырамын (фото,видео)

2 тәулікке 102 мың теңге: Нұрлан Әлімжан Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынады (видео)

Қазақстандық әйел Шешенстан президентінен қызы мен немерелерін Сириядан қайтаруға көмек сұрады

 

Талқылау