Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Алматыға келді

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға ресми сапарамен келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/uninkazakhstan

Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы өкілдігі бұл маңызды сапардың бастамасы екенін атап өтті. Антониу Гутерриш БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесіне барады.

Бас хатшыны сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Михаэла Фриберг-Строй қарсы алды.



Антониу Гутерриш Қазақстанға Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға келді. Саммит 3-4 шілде күні елордада өтеді. Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін елордаға Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин келген еді. 

 

Талқылау