Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Ресей президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/KZgovernment
Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясының президентін әуежайда қарсы алды.
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымын 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 5 жылда 56,5% өсіп, 66 миллиард долларға жетті. 2024 жылғы қаңтар мен сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі 19,1 миллиард долларға өсті. Осы кезеңде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 7,4 миллиард долларға тең болды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
