"Біреудің жүктілігі мен өлімін дәл болжайтынмын": Алуа Қонарова көріпкелдік қасиеті жайлы айтты
Танымал продюсер Алуа Қонарова көріпкелдік қасиеті жайлы айтты. Ол бұрындары біреудің тұрмысқа шығар сәті мен қайтыс болар уақытын дәл болжаған екен. Өз өмірінің де сценарийін білген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қызық жағдай, бірақ өмірімнің сценарийін жас кезімде білдім. Ол кезде әлі "30 жыл бары қандай жақсы" деп ойладым.
Бұрын басқа адамдардың ауруын, өлімін, жүктілігі мен тұрмысқа шығуын дәл болжайтынмын.
Жігіттермен (авт. – "Ринго" тобы) "Жаңа толқынға" бара жатқан сәтте де оларға міндетті түрде Алла Борисовнаның және көрермен көзайымы сыйлығын алатынымызды айтқан едім", – деп бөлісті Қонарова желідегі парақшасында.
Алайда соңғы уақыттары бұл қасиеті жоғалған.
"Оның бәрі бір жаққа жоқ болып кетті. Адамдарды көрмеймін, сезбеймін, оларға онша ашылғым жоқ. Бірақ өмірім өзім көргендей жүріп жатыр", – деді Қонарова.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған