Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреу айтты екен деп, кете қалатын жағдай жоқ": Жигули Дайрабаев сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді

Депутат Жигули Дайбараев сотталған ұлдарына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жигули Дайрабаев

"Балаларыма қатысты іс әлі де заңды күшіне енген жоқ. Мен екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін. Апелляцияға береді. Әрине, еліміздің сотына баға бере алмаймын. Дегенмен, екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін. Бұл жөнінде адвокаттардан да сұрасаңыздар болады", - деді Жигули Дайрабаев. 

Сонымен қатар депутат алдағы уақытта мандатынан бастартпайтынын айтты.  

"Біреу айтты екен деп кете қалатын жағдай жоқ. Ол мәселеге алдын ала байбалам салудың қажет жоқ. Бізге 700 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді. Алдағы уақытта "Ауыл" партиясы қолға алған бағдарламалар бар, атқаратын мәселелер бар. Парламент қабырғасында жүріп еңбек еткенімде халыққа көп пайдасы тиеді. Менің арым да, ұятым да таза. Өмірлік тәжірибем жеткілікті. Менің Қазақстан халқына пайдам тиеді деп ойлаймын”, - деді Жигули Дайбараев.  

Талқылау