Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлсарылық 12 мың тұрғын эвакуацияланды: Тоқаев Атырау облысының әкімімен телефон арқылы тілдесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы өңірдегі су тасқыны жағдайын бақылап отыр. Су басу қаупін азайту бойынша барлық шаралар қабылданып, бақылау күшейтілетді. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, материалдық шығын өтеледі.

Әкім Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімесінде облыстың бірде-бір отбасы, бірде-бір тұрғыны мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетуді тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов аймақтағы жағдайдың өте күрделі екенін мәлімдеген. Құлсарының бірнеше ауданын су басты. Қазірдің өзінде 2500-ден астам үйді су басқан. 5000-ға жуық құлсарылық Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды. Жалпы 12 мыңнан астам тұрғын Атырау, Тенгиз және Бейнеуге эвакуацияланған.

Талқылау