Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірде-бір елде тілді жетік білмегендерді мазақтамайды": Министр қазақ тілін үйренуге талпынысын сынға алғандарға жауап берді

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақ тілін үйренуге деген талпынысын сынға алғандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Менің бір жарым жылда өз ойымды жеткізе алатын дәрежеге жеткенім – жаман ба, жақсы ма білмеймін... Иә, менде сіздер сияқты сөздік қор жоқ, бірақ әлі де жетілдіруге ұмтылудамын. Әріптестерімнің кейбірінен әлдеқайда жақсырақ шығармын. Маған қазақ тілінде сұрақ түскенде оған жауап беруге тырысамын. Ал сіздер маған: "Мен жауапты толық қазақ тілінде естігім келеді" дейсіздер. Мен өзіме және қазақ тілінде сөйлегісі келетіндерге өзгелердің менсінбеушілікпен қарауына жол бермеймін", – деді министр.

Брифингте министр Шарлапаев қазақ тілінде жауап берді, бірақ шенеуніктің бұл жауабы журналиске ұнамады.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, әлемнің бірде-бір елінде тілді жетік білмегендер мазаққа ұшырамайды, тек Қазақстанда ғана осылай дейді.

Ол 18 айда қазақ тіліндегі деңгейі қатал сыншының көңілінен шығатынына уәде берді. 

Талқылау