"Бір жылап алдым жатарда": Гүлнұр Мамасарипова туған күнін Катарда тойлады
Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова 50 жасын Катар елінде қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/
Кинопродюсер жаңа жасын құрбыларымен шетелде қарсы алды.
“Шығып кетіп сапарға!
Келіп қалдық Катарға...
50-дегі құрбылар,
Мен қосылдым қатарға”, – деп жазды продюсер.
Одан кейін өнердегі құрбысы, әнші Ерке Есмахан туған күн иесіне әзіл өлең жолдады.
“Райм мені жібермеді Катарға,
қосыла алмай қатарға,
осы видеоны көрген соң,
бір жылап алдым жатарда”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің суырыпсалма ақын екенін қызу талқылап жатыр.
Еске салайық, медиа маманы "Ақыл айтуды жастарға бердік" деп өзін сынайтындарға үндеу жасаған еді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда