"Бір зат шашып жүр": Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақ тұрғындарды алаңдатты
Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақ тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаланың үстінен бірнеше рет айналып өткен тікұшақты көрген тұрғындар әуеден бір зат шашып жүр деп дүрлікті.
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Көкшетау қаласында қазан айының 9-23 күндері аралығында Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөліктерді жұмылдыру арқылы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.
"Қала тұрғындары мен қонақтарына сабырлық танытып, оқу-жаттығу шарасына түсіністікпен қарауға, сондай-ақ, шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырамыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген