Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуі өзгерген соң ұшақтардың ұшу кестесі қалай өзгереді және билетті алдын ала сатып алғандар не істеуі керек

Жолаушылар кейбір рейстер билетте көрсетілген уақыттан бір сағат бұрын орындалатынына назар аудару керек. Қазақстандық авиакомпаниялар бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

1 наурыздан бастап елде тек бір – бесінші уақыт белдеуі болады (UTC+5).

Air Astana әуекомпаниясы 1-31 наурыз аралығында Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен және Қостанай қалаларынан ұшатын және ұшып келетін рейстер кестесін түзеткенін нақтылады. Рейс уақыты өзгеретін жолаушылар жаңа ұшу және келу уақыты туралы SMS-хабарламалар мен хаттар алады. Ақпарат брондау кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

Qazaq Air әуекомпаниясы 29 қаңтарға дейін Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған және Жезқазған қалаларына ұшатын рейстерге авиабилеттерді сатып алған жолаушыларға 1 наурыздан бастап ұшу уақыты өзгеретіні туралы хабарлады. Жолаушылар рейс билетте көрсетілген уақыттан бір сағат бұрын орындалатынына назар аударуы керек.

29 қаңтардан кейін сатылған билеттерде ұшу уақыты бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ескеріп, көрсетілген. 

Барлық сұрақтар бойынша жолаушыларды қолдау қызметіне +7 (727) 353 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Flyarystan әуе компаниясынан 7 ақпанға дейін билет сатып алған жолаушылар үшін Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Өскемен, Семей  қалаларына ұшып келу және ұшып кету уақыты 1 наурыздан бастап рейстердің көрсетілген уақытынан бір сағат бұрын орындалатынын ескеруі қажет. Жолаушыларға бірыңғай уақыт белдеуін ескеріп өзгертілген ұшу уақыты бар жаңа билетті қалай жүктеу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулары бар жеке хабарлама жіберіледі. 8 ақпаннан бастап билеттерді сатып алған жолаушыларда құжаттарда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу ескеріліп, көрсетілген.

Әуе тасымалдаушылар компанияның сайтында немесе қосымшаларында рейс туралы ақпаратты тексеруді ұсынады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау Министр уақыт белдеуінің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер ететінін айтты.

Талқылау