Бір тәулікте шамамен 14 мың адам коронавирус жұқтырған
Соңғы 24 сағат ішінде әлемде шамамен 14 мың адам жаңа коронавирус жұқтырды, 862 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, күніне 13 903 жаңа инфекция анықталды, олардың тек 29-ы материктік Қытайда болды. Осылайша, әлемде жұқтырғандардың жалпы саны қазіргі уақытта 167 511 құрайды.
Қытайдан тыс жерде COVID-19-дан 848 адам қайтыс болды. Әлемде өлім жағдайларының жалпы саны 6606-ға жетті, оның 3388-і ҚХР-дан тыс.
Сонымен қатар, вирус қазірдің өзінде 151 елде таралған.
Қазақстанда қазіргі уақытта COVID-19 вирусының 10 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде сегіз адам Алматыдағы ауруханаларда және екі адам Нұр-Сұлтанда, тағы бір қазақстандық Германияда.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі