Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір тәулікте 11 адам: Арқалықта бір топ адам этил спиртінен уланып өлген

Арқалықта этанолмен уланып, бір тәулікте 11 адам көз жұмды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы зардап шеккен адамдар 3 шілде күні таңғы сағат 5.20-да хабарласқа. Келесі тәулік ішінде 11 адам көз жұмды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Одан әрі сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды.

 

Талқылау