"Бір шаршы метр үшін 630 мың теңге": Астанадағы тұрғын үй бағалары Алматыны басып озды
Ұлттық статистика бюросы биыл сәуір айында Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы орташа бағаны жариялады. Бюро баға индекстерін де көрсететін электронды кестені шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels
Бюроның мәліметінше, жаңа баспананың шаршы метріне ең қымбат баға Астанада (575 214 теңге), Алматыда (567 357 теңге) және Шымкентте (416 111 теңге) болған.
Пәтерді қайта сату нарығында бағалар келесідей болды: Астанада бір шаршы метр үшін 629 762 теңге, Алматыда 592 664 теңге және Атырауда 422 095 теңге.
Ыңғайлы тұрғын үйді жалға алу бойынша Алматыда ең жоғары баға (шаршы метріне 5 108 теңге), Астана екінші орында (4 185 теңге), ал үздік үштікті Қарағанды (3 891 теңге) аяқтап отыр.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстандағы тұрғын үйдің орташа бағасы зерттелген қалалардың орташа бағалары мен олардың салмақтық құрамдас бөліктерінің негізінде, қала бойынша 2012 жылғы тұрғын үй объектілеріне байқалатын бағалардың орташа мәні ретінде анықталады.
Сонымен қатар 2024 жылғы сәуір айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 248 мәміле тіркелген. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 830 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 23 418 мәміле жасалды. 2024 жылдың наурызымен салыстырғанда (26 389) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 18,4% өсті. Мәмілелер саны бойынша, бұрынғысынша, Астана (5 583 – 17,9%) және Алматы (4 949 – 15,8%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2 668 – 8,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 333 (1,1%).